Bugin

"Өмірім мүлде басқаша болар еді": америкалықтар асырап алған қазақ қызы жан сырын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Америкалықтар асырап алған Әлия 2019 жылы тұрмысқа шыққан. Юта штатында тұратын оның қазір отбасы, баласы бар. Ол Америка азаматымен шаңырақ көтерген. Оның өмірі туралы Bugin.kz тілшісі "Шетелдегі қазақ балалары" жобасына сілтеме жасап хаббарлайды. 

АҚШ-та үй сатып алу оңай емес екен. Ал қазақ қызы Әлия жеке үй сатып алуға қол жеткізе білген азшылықтың бірі. Әлия – заң компаниясында офис менеджер. Күйеуі – ауруханада ғылыми зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі.  Ұлдарының есімі – Дмитрий.

"Алғашында жақсы ана бола алмаймын деп уайымдадым. Бәрі уақыт өте өздігінен қалыптасты. Ол үшін кітап оқудың қажеті жоқ. Балам қазаққа ұқсайды. "Қазақтың қаны мықты екен ғой" деп өзім де таң қалдым.

Көп балалы болып, бәрін Қазақстанға апарып көрсеткім келеді. Кенже баламызды асырап алуды жоспарлап жүрміз. Үш баламыз болса, төртіншісін, немесе төрт баламыз болса, бесіншісін дегендей. Бір балалар жақсы отбасыға, бір балалар жаман отбасының асырауына түсуі мүмкін. Мені жақсы адамдар асырап алды. Өте жайлы ортада өстім. Мені бағып алмағанда, өмірім мүлде басқаша болар еді",-деді ол.

Ол Қазақстанға келгісі келеді. Қазақ мұрасына мән беріп, қазақтар тойлайтын мерекелерді тойлайды.Әлия:

"Мен ешқашан ешкімді айыптағым келмейді. Әйел адам өз баласынан бас тартса, мұның да бір себебі бар шығар. Өте қиын жағдайда жүрсе, бұл шешім дұрыс шығар",-деді ол.