Bugin

"Мектепте атыс болады": Ақтөбеде 50 мыңға жуық бала сабаққа бармаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Желіде тараған үрейлі хабарламадан кейін Ақтөбеде ата-аналар баласын мектепке жібермеген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ақтөбе мектептерінің бірінші ауысымында оқитын 60 мыңға жуық оқушының 80 пайыздан астамы бүгін сабаққа бармаған.

Әлеуметтік желіде Ақтөбе қаласындағы мектептерде қылмыс жасалатыны туралы хабарлама тараған. Полиция терроризм актісі туралы жалған мәлімет таратқан адамды анықтады. Ол жақын шет елдің 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары алаңдауға негіз жоқ айтқанмен, бүгін ата-аналар балаларын сабаққа жібермеген.

"Ақтөбе қаласында 119 мектеп бар. Онда бірінші ауысымда барлығы 57 924 бала оқиды. Бірінші аусымда оқитын балалардың ішінен тек 8 558-і мектепке барды", - дейді басқарма мамандары.

 Білім беру ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Полиция қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүр. Сондай-ақ бейнебақылау жүйесі арқылы қадағалау шаралары күшейтілді.

Тағы оқи отырыңыз:

"Қалың қар жауады": Алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы