Саясат

Ұлылар да ұртоқпақталған

Черчилль: «Үндістерді, аборигендерді неге жаулап алды? Себебі, уақыт өткен сайын мықтылар әлсіреп, оның орнын өзге қуатты елдер алмастырады», – деп айтуы арқылы өзге мемлекеттерді отарлауын осылайша ақтап алған болатын.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Держава саналатын елдер бәрімізге мінсіз, үлгі болып келгенімен, олардың да тарихта кемшіл тұстары баршылық. Неге ол тарихи сәттер айтылмайды? Өйткені олар дәрежелерін түсіргісі келмейді. Ал осы мақалада сол державалардың тарихтағы әскери жеңілістерін тілге тиек етпекпін.

Тарихтан бастау
Саясаттанушы Морганның теория­сына жүгінетін болсақ, халықаралық қатынаста тарихтан бері гегомонды мемлекеттер болады және ол заңдылық. Оның пікірінше тарихта ­3 ге­ге­мон мемлекет болған. Олар: Нидерланды, Ұлыбритания, АҚШ. Нидерланды елі ХIV ғасырда халықаралық қатынаста теңіздік державаның бірі ретінде саналған. Оның әлемге деген ықпалы жүріп тұрған еді. Дегенімен оның теңіздегі жеңілісі тарихта күлкілі сәттер ретінде сақталған. 1795 жылы Францияның революциялық әскері Голландияның Ден Хелдер қаласын басып алмақшы болады. Дегенмен қызғалдақтар елі теңіздік держава ретінде танымал болғандықтан, француз әскері қорқып, голландық флотқа біршама кедергі келтіріп ағылшындық әріптесіне қосылмақшы жоспар құрған еді. Бірақ сол сәтте Франция әскерінің генералы қарсыластарының кемелерінің ірі мұздықта тіреліп қалғанын көріп, тыныш жоспарлы күйде кемені қоршап, шайқассыз ақ басып алады. Бұл тарихта қарсылас флотын шайқассыз басып алған жалғыз жайт ретінде қалды.
Нидерландының державалық орнын Ұлыбритания алмастырды. ­Австралия, Жаңа Зеландия, Америка құрлығын, Үндістан, Африка елдерінің біразын отар қылған ағылшындар сөзсіз әлемдік держава ретінде мойындалды. Дегенмен Ұлыбритания Африка құрлығын отарлау барысында біршама қиындықтарға кездесті. Тіпті қанша мұздай қаруланса да, заманның жаңашылдығынан хабары жоқ кейбір африкалық тайпалар ағылшындардарға кәдімгідей тойтарыс беріп отырды. Соның бірі 1879 жылы ағылшындар мен зулус тайпасының арасындағы Изандлвана соғысы. Соғыс барысында ағылшындар 1500 әскер қаруланып, екі зеңбіректі апарған еді. Ал зулустар сан жағынан ағылшындардан 7 есе көп болғанымен, бәрі таяқ, таспен соғысты. Соғыс нәтижесінде ағылшындар тарапынан 60 ақ адам тірі қалды. Бұл әрине қаншалықты сапа болғанымен, түбінде жеңілгенін көрсетеді. Одан бөлек 1842 жылы бірінші ағылшын-ауған соғысы кезінде британиялық Эльфинстонның 16 мыңдық жасағына жергілікті халықтан 15 мың әскер қарсы тұрып, ағылшындарды толыққанды қырып тастады. Соғыстан соң, ауғандар ағылшын тарапынан тек Брайден атты дәрігерді болған оқиғаны айтып бару үшін тірі қалдырған.
Екінші дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания, АҚШ елдерінің араласуы соғыстағы сапаны арттырып, КСРО-ның жеңуіне үлкен үлес қосты деп тарихи тұрғыдан айтылатыны шындық. Бірақ сол соғыста Ұлыбритания Сингапур жерінде масқара жеңіліске ұшырады. 80 мың әскері бар ағылшындар 36 мың жапондық қарулы күштерінің қақпандарына түсіп, бәрі тұтқынға айналды. Бұл тарихи фактыны да бүгінгі күні көпшілік біле бермейтіні рас.
ХХ ғасырда жаңа технологиялар дәуірін өз қажетіне жарата білген АҚШ әп-сәтте держава атанып шыға келеді. Статистикаға сүйенсек, әлемде АҚШ туы ең көп өртенсе де, ХХІ ғасырда әлемдегі ең тұрақты елдерді бірі атанып отыр. Дегенмен АҚШ-тың держава болғанына қарамастан соғыстарда масқара жеңілістерге ұщыраған сәттері де жоқ емес. Мысалы, 1965 жылы бастау алған Вьетнам соғысында американдықтар заманауи қару-жабдықтарды пайдаланғанына қарамастан, 50 мың әскерінен айырылып үлгерді. Нәтижесінде 1973 жылы Париж келісімі орын алып, Вьетнам елінің суверинеттілігі мойындалды. АҚШ үшін бұл жеңіліске тең. Вьетнам соғысынан бөлек, АҚШ Сомалидегі азаматтық соғыстарға да араласты.1993 жылы 3-4 қазан Сомали астанасы Могадишода АҚШ-тың қарулы күштері мен көтерілісшілер арасында қиян-кескі ұрыс орын алды. Ұрыстың нәтижесінде АҚШ-тың ең мықты саналатын арнайы жасақ топтары талқандалды. Осы жеңілістен кейін АҚШ әскерлері Сомалиден ат-тонын ала қашты.
Сонымен қорыта айтқанда адамзат тарихында үлкен күш пен қуат символына айналған алып мемлекеттер де тарих толқынында талай рет жанбасы жер иіскеген көрінеді. Қателіктен ешқашан сабақ алмайтын мемлекеттер алыптардың аяқ сүрінісінен сабақ алар ма екен?!