Bugin
Фото: бағдарламадан скриншот
Қазақтың ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларын шетелдік азаматтар мен азаматшалар асырап алған. Жәудір көздеріміздің ары қарай тағдыры қалай болғаны туралы "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасы сыр шертіп жүр. Bugin.kz тілшісі бағдарламаның Испанияда түсірілген бөлімі туралы сілтеме жасап хабарлайды.
Жанар Байсемізованың айтуынша, жүзіп жүрген балаға таңданыспен қарайды. “Ерлан 12 мүшесі сау болса таңданбас едім” деп журналист баланың денсаулығы туралы сөзді асырап алған әкесіне береді. Давид Видаль Вила баланы қалай асырап алғаны туралы:
“Басын дұрыс ұстай алмайтын еді. Тым кіші екені күдік туғызды. Біз балалар үйінен аларда баланың денсаулығында кінәрат бар екенін білмедік”,-деп айтады.
Қарағандыда дүниеге келген баланың сырқаты Қазақстандағы 10 айда анықталмаған. Тек Испанияға барған соң, дәрігерлер баланың диагнозын анықтаған. Баланың орталық жүйке жүйесі зақымданған, мидың оң және сол жақ бөліктері дұрыс жетілмеген. Балада сал ауруы бар болып шығады.
Давид бұл сәт туралы:
“Төбемізден жай түскендей күй кештік. Баланы Қазақстанға қайта апару туралы мүлде ойламадық. Өз баламыз ғой. Біз көп уақыт жоғалтқанымызға өкіндік. Егер оның сырқатын дер кезінде білгенде қазіргіден де жақсы болып кетер еді. Оның ынтасы, ерік-жігері мықты”,-деп әке ретінде баласына сүйсініп қойды.
Дәрігерлер баланы мұқият зерттеп, арнайы емдеу тәсілдерін таңдаған. Сол аяғына операция жасалған. Қазіргі кезге дейін онымен арнайы мамандар жұмыс істейді. Асырап алған әкесі:
“Ойын баласы ғой. Менің жұмыстан келгенімді күтеді. Екеуміз теннис, футбол ойнаймыз. Дәрігерлер бұл диагноздағы балалар мүлде жүре алмайды, тек жатады деп айтқан еді. Менің ұлым төсекке таңылмай шауып жүр. Мен соған қуанамын. Машина, механика маған қатты ұнайды. Онымен жасты балалар оқи алады. Ол әлі оқи алмайды. Сол жағы өкінішті”,-деп айтты.
Велосипед тепкенді, шаңғымен сырғанауды, суда жүзгенді ұнатады. Өскенде гимнаст болуды армандайды. Мотоцикльді ұнатады. Пионинода ойнағысы келеді. Жан-жануарлады жақсы көреді. Атты жақсы көреді.
Ерланның ой-ақылының жетілуі қатарластарынан артта қалған. Баламен ата-анасы, арнайы мамандар жұмыс істейді.
Бағдарлама архивінен, 2013 жыл.