Bugin

"Бәріміз де пендеміз": Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі тосын мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Қарағандыда соқққыға жығылған жедел жәрдем қызметкері "хайп қуды" дегендерге жауап берді деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы ол өзінің Tik Tok желісіндегі парақшасында жариялады.

"Мен туралы хайп қуды деп қат ойлап жүрген жандар: мен бір жарты жылдан аса уақыт Tik Tok-пен пен айналысамын. Астындағы видеоларды қарасаңдар, көресіңдер. Мен өзім жедел жәрдем көлігінің жүргізушісінен бөлек, актер адаммын. Олай қате ойламаңдар", деді Төреғали өзінің видеосында.

Сонымен қатар ол ұрған адамды соттатып ешқандай пайда көрмейтінін де айтты.

"Бәріміз де пендеміз. Алла бәрін кешіреді. Алланың алдында пендеміз. Біз де кешіреміз. Соттатамын, оны түрмеге отырғызамын деген сөз айтқан жоқпын. Қазақ еліміз аман болсын", - дейді ол.

Тағы оқи отырыңыздар:

Қатемді түсіндім: Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам бейне-үндеу жолдады (ВИДЕО)