Bugin

"Аяз -17 градусқа дейін төмендейді": Астана, Алматы және Шымкентке арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алдағы үш күнде – 3-5 ақпан аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлады Bugin.kz порталы

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, елордада және еліміздің екі ірі мегаполисінде -17°C аяз, тұман түсіп, жел күшейеді.

3 ақпан көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 7-12, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде -15-17°C, күндіз -5-7°С;

4 ақпан көшпелі бұлтты, кей уақытта қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 9-14, 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде -7-9°C, күндіз -3-5°С;

5 ақпан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 9-14,15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз -1-3°С.