Bugin
Фото: pexels.com
Орал қаласында зорлықпен өлтірілген ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы БҚО полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқиға 2 ақпан күні болған.
"Таңғы сағат 08.10-да Дәулеткерей көшесі бойындағы үйлердің бірінің жанынан ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған. Кісі өлтіру дерегі бойынша Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Қазіргі кезде аталған қылмысты ашу және күдіктіні анықтауға бағыттталған жедел іздестіру іс-шаралары атқарылуда. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.