Bugin

Қарағандыда үш күн бұрын суға батқан балықшының жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қарағанды ​​облысы ТЖД

Қарағанды облысында үш күннен бері суға батып кеткен балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 

Ведомство мәліметінше, 2024 жылдың 3 ақпанында Қарағанды облысында Молодежный ауылының маңында балық аулау кезінде үш балықшы мінген көлік мұзға құлап кеткен. Екі балықшы өз бетімен шығып үлгерген, оларға медициналық көмек қажет болмады.
Ал 39 жастағы балықшыны іздеу жұмыстары әліде жалғасып жатыр.


"Іздестіру-құтқару жұмысының күрделі болуына: қиын ауа райы жағдайлары, қатты жел, боран, аяз, кей жерлерде жұқа мұз, мұз астында сүңгу, судың төмен температурасы, суға түсу тереңдігі 3-4 метр, көрінудің болмауы, күшті ағыс. Бұл жағдайлар сүңгуірлер үшін қиын жағдай болып тұр", - делінген хабарламада.