Bugin

"Төртеуі де табылды": Алматыдағы лай көшкінінен зардап шеккендерге байланысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Лай көшкіні жүрген жер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков 

Алматыдағы лай көшкіні кезінде үйінді астында қалған 4 адамның да денесі табылды. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Үйде ерлі-зайыпты мен 2007 жылы туған егіз ұлы болған. Осыған дейін лай көшкінінен қаза тапқан бір адамның денесі табылғанын хабарлаған едік.