Bugin
Фото: Bugin.kz
Отбасы банк салымшыларының шотына жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы түсіп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі hcsbk.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет сыйлықақысы жыл сайын күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша беріледі.
Қаражат әр жылдың басында барлық депозиттерге бір уақытта аударылады. Жыл соңына дейін 200 айлық есептік көрсеткішке тең қаражат жинасаңыз, ең жоғарғы мемлекет сыйлықақысын аласыз. Ескерер жайт, аударымдар 29 желтоқсанға дейін жасалуы тиіс.
Салымшылар 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары сыйлықақыны – 138 000 теңгені алады.