Bugin
Фото: Сара Назарбаеваның әлеуметтік желісіне жарияланған.
news.ivest.kz
Бүгін - ҚР-ның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні. Bugin.kz порталы экс-бірінші ханым туралы қызық деректерді ұсынады.
Жастық шағы: Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды іргесіндегі Қызылжар ауылында дүниеге келген. Руы - Арғын. Сараның атасы Қонақай деген байдың ұлдан ұрпағы болмайды. Ер адам 60-тан асқанда әйелі ақсақалға екінші әйел тауып береді. Қонақайдың жас өмірлік серігі Алпыс деген ұлды дүниеге әкеледі. Сараның әкесі болған Алпыс еді.
5 жасында анасы қайтыс болып, Сара Қонақаева жетім қалды. 14 жасында мектепті тастап, тігіншілік фабрикада жұмыс істей бастады.
Қызылжардың тумасы Қарағанды металлургия зауытында 15 жылдан астам еңбек етті. Сара домна цехында жұмыс істеп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен танысты.
Жеке өмірі және отбасы: Сара Алпысқызы 21 жасында Нұрсұлтан Назарбаевты кездестіреді. 1962 жылы ол Қазақстан Республикасының болашақ тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың заңды әйелі болды.
Нұрсұлтан Әбішұлының кейінірек: "Сол жылдардың есте қалатын ең бір елеулі оқиғасы - болашақ келіншегім Сарамен алғашқы кездесуім. Ал бұл кездесу... бір апаттан кейін домна пешінің жанында болған еді” деп жазады.
Нұрсұлтан және Сара Назарбаевалар 1962 жылы комсомол-жастар стиліндегі той өткізеді. Бір жылдан кейін олардың қызы Дариға - (1963 ж) артынан Динара – (1967 ж) және Әлия – (1980 ж ) деген үш қызы дүниеге келді.
Білімі: Теміртау қаласындағы зауыт жанындағы оқу орнын – Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық училищені бітірген, экономист. Техникалық колледжді бітіргеннен кейін Қарағанды металлургиялық комбинатында, “Қарағанды көмір” өндірістік бірлестігінде жұмыс істеді.
Айналысқан істері: Сара Назарбаева қыздары өскеннен кейін қайырымдылықпен айналысты. 90-жылдардың басында ол екі бірдей қор құрды: “Бөбек” және “SOS – Қазақстанның балалар ауылы”. Олардың біріншісі жетім балаларға да, дарынды қазақстандықтарға да көмектессе, екіншісі жетім балаларды отбасын табуға үлес қосып, өмір сүуге ыңғайлы жағдай жасады.
Дегенмен, соңғы жылдары БАҚ беттерінде осы қор арқылы қазақстандық баллардың шетелге заңсыз сатылғаны көтеріліп жатыр. Яғни, бірнеше мыңдаған қара домалақ қазақ балалары қордың атынан шетел асып кеткен.
Сара Алпысқызы “Өзін-өзі тану” жалпы білім беру жобасының авторы. Басында бұл пән қазақ мектебінде оқытуға эксперимент ретінде енгізіліп, 10 жылдан кейін міндетті пән деп енгізілді. 2022 жылы қазақ мектептеріндегі “Өзін-өзі тану” пәнінің мәртебесі таңдау пәні деп өзгерді.
Сондай-ақ, Сара Алпысқызы бірнеше кітаптардың авторы. Қайырымдылық бағытындағы мемлекеттік және дүниежүзілік деңгейдегі марапаттардың иегері.
Дереккөз: 24smi.org, novoetv.kz, tengrinews.kz