Bugin

"32 градус аяз, боран, көктайғақ": 13-15 ақпанда ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Қазгидромент елімізде 13, 14 және 15 ақпанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Болжам бойынша, 13-14 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде фронтал бөліктердің ықпалынан тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі. Ал солтүстік облыстарда қатты қар, бұрқасын, көктайғақ болады. 

"Айдың ортасына қарай циклон Қазақстан аумағынан шығып, оның орнын арктикалық антициклон басады, оның әсерінен республиканың солтүстік жартысында аяз болады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі. Елдің қалған бөлігінде температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.