Bugin
Фото: freepik.com
12 жасар қызды 18 жастағы жігіт зорлап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ләззат Рақышеваның Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Қыз екі жыл бойы бұл оқиға туралы ешкімге тіс жармаған. Ол қазір 14 жаста. Жігіт жас қызды зорлап, өзі әскерге қашып кеткен.
Таяуда қыз заңгердің ақыл-кеңесімен сотқа жүгінген.
Бұл зорлыққа қатысты ҚК 120-баптың 4 тармағы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті ұсталды. Тергеу амалдары басталып кетті.