Bugin
Фото: freepik.com
Кувейтте жас жұбайлар некесін қиып, артынша ажырасып кеткен, деп хабарлайды Bugin.Kz порталы.
Ажырасуға қалыңдықтың күйеу жігітінен көңілі қалғаны себеп болған.
Қалыңдық некелері қиылғаннан кейін баспалдақпен түсіп келе жатып, құлап түскен. Мұны көрген күйеу жігіті сүйіктісін "ақымақ" деп атап, үстінен күлген. Сол кезде бойжеткен жігітінен қатты көңілі қалып, ажырасуға бел байлаған.
Сот төрағасы олардың ажырасуын рәсімдеп, қайта табысу туралы ұсынбаған. Нәтижесінде бұл мемлекет тарихындағы ең қысқа мерзімді неке болды.