Bugin

Қызылордадағы оқушының өлімі: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Бүгін Қызылорда қаласында мектеп оқушысы қаза болды. Қайғылы оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға 12 ақпанда Белкөл кентіндегі көпқабатты үйдің алдында болған. №189 мектептің 9-сынып оқушысының өліміне 10-сынып оқушысы күдікті ретінде танылып отыр.

" Жеті сабақ аяқталған соң оқушылар сағат 14.00-де мектептен шығып, үйлеріне қайтқан. Қайғылы жағдай кенттегі көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде болған. Бейнекамераға түспеген", дейді басқарма басшысы.

Баласының денесін көрген әкесі ешқандай пышақ жарақатын алмағанын айтқан.

"Оқиға орнында 4 бала болған, қасындағы 3 бала медициналық ұйымға көтеріп жеткізген. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету барысында бала қайтыс болған. "Пышақтап кетті" деген ақпарат жалған. Әкесі мәйітті қарау кезінде пышақ жарақаты болмағанын айтты. Ал күдікті жалғызбасты ананың баласы екені анықталды", - деді басқарма басшысы.

 Оқушылар оқитын мектептегі директор мен орынбасары жұмыстан шығарылған.

"Тәрбие бағытындағы тапсырманы өз деңгейінде орындамағаны, атқарылған ауқымды жұмыстан нәтиже шығармағаны үшін мектеп директоры мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын орнынан босаттық. Өйткені ұстаздарға әр баламен жеке жұмыс істеу міндеті жүктелген. Бұл жағдай қатаң бақылауда, тиісті шаралар қабылданады", - деді Асқарбек Есжанов.

Еске салайық, Қызылордада жасөспірім өлі табылғаны хабарланды.

Қызылордада оқушының мәйіті табылды