Bugin

"Жары мен бір уақытта қайтыс болған" : беделді шенеуніктің өлімінің құпиясы ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Голландияның бұрынғы премьер-министрі Дрис ван Агт пен оның әйелі Евгения 5 ақпанда 93 жасында бірге қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Le Figaro сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлі-зайыптылар ауыр әрі жазылмайтын ауруға байланысты эвтаназия (өз еркімен өмірден бас тарту) жасағаны анықталды. 70 жыл бірге өмір сүрген олар «бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындарын» түсініп, осы процестен өтуге шешім қабылдайды. Эвтаназия – медицинаның көмегімен аурусыз өлу.

Дрис ван Агт 2019 жылдан бері миына қан құйылудың әсерінен зардап шегеді. Ол 1977 жылдан 1982 жылға дейін Нидерланды премьер-министрі қызметін атқарды. 1980 жылдары ол Еуропалық Одақтың АҚШ пен Жапониядағы арнайы өкілі болды.

Нидерландыда 2002 жылдан бері эвтаназия және суицидке көмектесу заңды.