Bugin

“45 мың теңге үшін”: такси жүргізушісі жолаушыны буындырып өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Жолаушыны айуандықпен өлтірген такси жүргізуші 19 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 
25 жастағы қылмыскер алғашқы сот отырысының өзінде-ақ кінәсін толық мойындаған. 

Ол әйелді ақша үшін өлтіріп, қамыстың арасына тастап кеткен. Сот залына келген қылмыскер өзіне тағылған үкімді үнсіз тыңдап, процес біткенше басын көтере алмады. Жолаушысын өлтірген такси жүргізушіні судья 19 жыл бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимде өтеуге шешім шығарды. 

Қылмыскер деп танылған 25 жастағы азаматтың жақындары камера алдында сөйлегісі келмеді. Белгілі болғандай, такси жүргізушінің өзі сот барысында тағы бір кінәсін мойындаған.
Ал марқұм келіншектің жақындары судьяның шешіміне көңілдері толмады. Айтуларынша, қыздарын айуандықпен өлтірген қылмыскерге кемінде 25 жыл беруі керек дейді.

"Шешімге қанағаттанбадым. Кемінде 20-25 жылға сотталуы керек еді. Мен ешқашан кешірім бермеймін", — деді марқұмның анасы.