Bugin

Келесі қысқы Азия ойындары қай қалада өтетіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Азия Олимпиада кеңесі IX қысқы Азия ойындары өтетін қаланы жариялады. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Келесі Олимпия ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді.

Азия Олимпиада кеңесі жарысты ұйымдастырушы комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема және ұранды бекітті. IX бәсекенің ұраны: "Қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат" (Dreams of Winter, Love among Asia).

Еске сала кетейік, Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азия ойындары өткен.