Bugin

“17 миллиард күн”: ғалымдар аспан денелерін тоқтаусыз жұтатын алып құрдымды анықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ESO

500 триллион күн сәулесінің көзі немесе J0529-4351 нысаны Чилидегі Өте үлкен телескоп (VLT) арқылы ғаламның шетінен табылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жаңадан пайда болған галактиканың белсенді өзегінде өте үлкен қара құрдым бар. Күн сайын ол біздің Күнге тең материя массасын сіңіреді және оның салмағы 17 миллиард күнге жетеді.

Дәлірек айтқанда, J0529-4351 нысанын зерттеген ғалымдар  Nature Astronomy сайтында жазғандай, бұл квазар көп жылдар бұрын ашылған.  Бірақ оның шынайы масштабы енді ғана белгілі болды. Австралия Ұлттық университетінің (ANU) қызметкері, жоба жетекшісі Кристиан Вольф ВВС-ге берген сұхбатында:

"Біз шынайы мәні бірден танылмаған нысанды таптық. Қазір біз бұл біздің Құс жолының жақын жұлдыздарының бірі ғана емес, өте алыс объект екенін түсінеміз", - деді.

Квазар - белсенді галактикалық ядро, оның энергия көзі - қоршаған материяның орасан зор көлемін соратын аса массивті қара құрдым.