Bugin
Фото: depositphotos.com
Наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады. Ендігіде кей өңірлерде уақыт 1 сағатқа шегініс жасап, бірыңғай уақыт белдеуіне көшеміз. Наурыздағы өзгерістер туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Кібісе күні биыл қазақстан үшін ерекше болды. Көктеп елімізге 1 сағат кешігіп енді. Қазақстандықтар 23:00-ді 2 рет өткізді. Қай өңірлерде уақыт өзгергені туралы осы сілтемеден оқи аласыздар.
Қолжетімді баспана
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 1 наурыздан бастап Қазақстанда жаңа «9-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылатынын айтты.
Роман Скляр:
"Бұл бағдарлама "Отбасы банкі" республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен іске қосылады. Бұл мәселе пысықталды және белгіленген мерзімде жүзеге асырылады", - деді.
1 наурыздан бастап намаз уақыты қалай өзгеретінін мына сілтемеден көре аласыздар.
Жарнаманы белгілеу
2 наурыздан бастап Қазақстанда онлайн-жарнамаға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.
Ережеге сәйкес, ықпал етушілер (блогерлер) коммерциялық немесе шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнама таңбалануы керек. Жарияланымның басында немесе соңында белгі қою үшін онлайн ортада белсенді қолданылатын келесі сөздердің бірін көрсету керек: "жарнама", "жарнамалық материал", "серіктестік материал", "демеушілік материал", "жарнамаланған" , "демеуші төледі" , "PR ретінде".
Тек қайырымдылыққа бағытталған фото, видеоларды таңбаламауға болады.
Міндетті екпе
Қазақстандықтар ендігіде міндетті профилактикаалық екпелер алады. Бұл туралы үкімет тізім бекітті. Ол үшінші наурыздан бастап күшіне енеді.
Жоспарлы профилактикалық егулер: вирусты гепатит А; вирусты гепатит В; гемофильді тұмаудың b түрі; дифтерия; көкжөтел; қызылша; қызамық; пневмококк инфекциясы; полиомиелит; сіреспе; туберкулез; паротит.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық егулер:
вирусты гепатит А; вирусты гепатит В; дифтерия; көктемгі-жазғы кене энцефалиті; сібір жарасы; құтыру; қызылша; қызамық; оба; сіреспе; туляремия; тұмау; іш сүзегі; паротит.
Вакцинациялар туралы ақпарат медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі. Иммунизациядан кейінгі реакциялар мен жағымсыз құбылыстар да сонда тіркеледі.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!