Bugin

Qnet қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға іздеу жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2019-2022 жылдары Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 1990 жылы туған ҚР азаматы Алмас Жұбанаевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап. 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алмас Оразалыұлы Жұбанаев заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында "Instagram" әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.

"Жәбірленушілердің жалпы саны 59 адам, келтірілген залал сомасы 63 373 356 теңгені құрайды. Егер сіз іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, төмендегі телефондар арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:

8-775-125-55-54

8-701-527-10-45",- делінген хабарламада.