Bugin

“Екі балаңды көрмейсің”: құлдықта болған әйел сұмдық жағдайын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Құлдыққа түскен Өзбекстан азаматы Алматыда құлдықта болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Әйел Алматыға жұмыс іздеп келген. Таныс арқылы жұмысқа орналасқан, ол жерде аса ірі көлемде ақша ұрлады деген айып тағылып, қара жұмысқа жегілген.

"Алматы қаласына таныс арқылы келдім. Сол жақтағы бір кафеде еден жуушы болып істедім. Басында бәрі жақсы болған, бірақ уақыт өте келе қоқан-лоқы көрсете бастады. 2 балаңды тірідей көрмейсің деді. Телефонымды тартып алды, оған қоса құжаттарымның бәрін алып қойды. Ешкімге хабарласа да алмадым. Ірі көлемді ақша ұрладың деп айыптап, жұмыс істеуге мәжбүрледі", - дейді жәбірленуші.