Bugin
Иллюстрация: vintage.kz
Қазақ ертеден салт-дәстүрді берік ұстанған. Адам өмірінің әртүрлі жағдайларына байланысты орындалатын дәстүрлер аз емес. Олардың ішінде аяғы ауыр келінге жасалатын түрлі ырым-тыйымдар мен дәстүрлер де бар.
Жүктілік кезде жасауға болмайтын нәрселерге тоқтала кетейік:
- Тіл-көзден сақтану үшін іш көріне бастағанға дейін күйеуінен басқа ешкімге жүктілік жөнінде тіс жармау керек.
- Жүкті әйел қоян етін жесе, бала қоянжырық боп туылады.
- Түйенің етін жесе, түйе секілді жүктілігі 12 айға созылуы мүмкін. Бұндай жағдайда түйеден аттатып немесе астынан өткізген.
- Түнде жалғыз далаға шығуға болмайды.
- Аяғы ауыр әйел түнде суға бармайды.
- Бала туылмай жатып алдын-ала киімдерін, заттарын дайындауға болмайды.
- Жүкті әйел шашын кессе - іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі.
- Әйел адам тоқымамен айналысса, баланың кіндігі оралып қалады.
- Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса – нәрестесі кем туады немесе түсік тастайды.
- Түсік тастамасын деп, жас әйелдің көйлегінің етегін бүріп қояды.
- Толғағы қатты болады деп екіқабат келіншекке толарсақ жегізбейді.
- Мерзімінен бұрын босанады деп пышақ, ара, қайшы ұстатпайды.
- Бала кіндігіне оралып қалады деп, ине-жіп ұстатпайды.
Бүгінде осы аталған ырым-тыйымды ескі дәстүр деп ұстанбайтын адамдар да бар. Негізінде оны ұстанып-ұстанбау әркімнің өз еркінде.
Авторы: Бану Әбдіғалиева