Weekend

Әлем әдебиеті жауһарларының «Інжілмен» байланысы

Қытай тілінен тәржімалаған: Нұрбек Кеңесбайұлы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сөз басы:

«Інжіл» - көк құдайының бізге аманаттаған кітабы, сонымен қатар, ол – жаратушының адамдарға жазған киелі хаты. Адамзаттың бұл эпосы – жаратушының әңгімесі. Жер бетіндегі бұл спектакльдің бас режиссеры – Құдай! Үздік актерлер бас режиссермен тығыз байланыста болғанда ғана спектакльдің негізгі мазмұнын түсініп, оны ойдағыдай ойнап шыға алады. Сол бебепті, біз білетін көптеген жазушылар, ойшылдар, философтар және суретшілер «Інжілден» шабыт алып, көптеген классикалық шығармалар қалдырып кетті.

Батыс әдебиетіндегі ірі жазушылардың барлығы дерлік «Інжілдің» ықпалына ұшырап, оның тілінен пайдаланған. «Інжілдің» тілі – лингвистиканың қайнар көзі ретінде, әдебиет әлеміне тигізген әсері айқын әрі терең. Ол – классикалық туындылардың тақырып аясын кеңейтіп қана қоймай, тілдің дамуына, әсіресе ағылшын тілінің өркендеуіне өшпес ұлес қосты. Өйткені, «Інжілде» - шегіне жете дамыған өркениет пен әдеби құндылық бар. Бір ұрпақтан келесі бір ұрпаққа жалғасқан батыс жазушылары көркем сюжеттерді, дәйеккөздерді және кейіпкер образын жасауды «Інжілден» алып, сол арқылы рух әлеміне бойлай алды.

Егер «Інжіл» мен христиандық сенім болмаған болса, онда батыс әдебиетінің тарихын қайта жазуға тура келер еді. Өлмес туынды, атақты классикалардың бойынан, біз «Інжідің» “ көлеңкесін” көріп қаламыз. Батыс мәдениетін, қала берді әлем өркениетінің құндылығы мен оның әлемдік деңгейдегі орнын біз «Інжіден» бөліп қарай алмаймыз. Ғалымдар мен әдебиетшілер үшін тіл мен өнердің сарқылмас қазынасына айналды, мұны – тілдің құнарлылығы мен мәдени құндылықтың сәйкестігі дей аламыз; ондағы Құдайдың жазып қалдырған даналығы мен адамзатқа тілеген бақытын да бөліп-жарып қарастыруға болмайды.

Қорыта айтқанда, «Інжілдің» екі мың жылдан бергі құндылығының жойылмауы – ондағы христиандық сенім басым болып қалмастан, батыс және әлем әдебиетіне де терең ықпал ете алды.

«Інжілдің» Ағылшын-Америка әдебиетіне тигізген әсері:

Бірінші:

«Інжілдегі» адам аттары мен сөздер шығарманың тақырыбы немесе кейікпері ретінде:

Хемингуэйді «Күн де туады» (The Sun Also Rises) раманында, Уильям Фолкнердің «Авессалом, Авессалом» (Absalom, Absalom!) романында, Джон Эрнст Стейнбектің «Жұмақтан шығысқа қарай» (The East Of Eden) романында көрініс табады.

Екінші:

«Інжілден» дәйеккөз алып, соның негізінде жазылған шығармалыр қатарында:

Милтонның христиан дінідік нанымдарға толы өлеңдері бар.Ол 20 жылдық саяси күйзелістерден кейін, өмірлік миссиясын тауып, күнделікті жатқа оқитын «Інжілді» шығармасының дәйеккөзі етіп алды. Айталық, «Жоғалған жұмақ» (Paradise Lost) және «Қайта оралған жұмақ» (Paradise Regained) поэмасы, сондай-ақ, «Самсон-күрескер» (Samson Agonistes) трагедиясы бар. Осы үш туынды да «Інжілде» айтылатын, құлағымызға үйреншікті әңгімелерден өңделіп жазылған.

Оскар Уайльдтың «Саламея» (Salomé) драмасы да «Інжілдегі» Иоанн крестері мен қызы Саламея арасындағы әңгімеден алынған.

Англияның тағы бір ұлы жазушысы Чарльз Диккенс, Иса айтқан [Адасқан ұлдың оралуы] – барлық әдебиеттің шыңы дегенін алға тартады. Чарльз Диккенстің «Жаңа жылдық қоңырау» атты әңгімесінде сараң байдың өзгеруін суреттейді, көптеген адамдар бұл шығарманы – христиан мүриттерінің зұлымдықтан ізгілікке бет бұруының аллегориясы деп санайды.

Үшінші:

«Інжілдегі» христиан дінінің идеясы мен доктринасын тақырып етіп жазған шығармалар:

Джон Баньянның «Пилигрим саяхаты»The Pilgrim’s Progress;

Самюэль Колридждің «кәрі теңізші»The Rime of the Ancient Marinerбалладасы;

Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» (Romeo and Juliet), трагедиясы, «Боран» (The Tempest песасы;

Чарльз Диккенстің «Екі қала туралы повесть» (A Tale of Two Cities); Натаниель Готорнның «Алқызыл әріп» шығармасы; (The Scarlet Letter);

Герман Мелвиллдің «Моби Дик немесе Ақ Кит» (Moby Dick) туындысын айтуға болады.

Төртінші:

«Інжілдегі» аллегорияны шығарманың сюжетіне немесе кейіпкерлердің сипатына біріктіре отырып, тәмсілдеу, балама немесе символизм арқылы бейнеленген шығармалар:

Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр» (Jane Eyre)романы;

Чарльз Диккенстің «Дэвид Копперфильд» (David Copperfield) шығармасы;

Хемингуэйдің «Қош бол, қару» романы; Стейнбектің «Гнев Жүзім» (The Grapes of Wrath) романы; Фрэнсис Скотт Фицджеральдтің «Ұлы Гэтсби» (The Great Gatsby) шығармасы.

Бесінші:

«Інжілдегі» көп формалы бейнелеулер мен көркемдік тәмсілдер біраз жазушылардың шығармашылығына ерекше әсер етті:

Шекспирдің песаларында «Інжілдегі» пайғамбарлық әдебиет пен апокалиптикалық әдебиеттің ұшқыны байқалады.

Шарлотта Бронтенің «Джейн Эйр» атты шығармасында да «Інжілден» көптеген айғақтар келтіреді, шығармадағы кейіпкер Джейн Эйрдің өмір жолы да Құдайдың құдыретімен сан түрі сынақтарға тап болып, соңында өзінің бақытын табады. Сонымен қатар, шығармадағы сериялас символдық сарындар інжілмен тығыз байланысты, айталық, «Інжілдегі» су – жойқын күштердің, ал от – өмірге деген құштарлықтың, қайта туылудың символы ретінде беріледі. Шығармадағы сөз-сөйлемдер, ырғақ пен каденция, бәр-бәрі де «Інжілдің» ықпалына ұшыраған.

Фолкнер қаршадай кезінен бастап «Інжілдің» әсерінде көп болған, ал «Көне өсиет» («Інжілдің» алдыңғы бір бөлігі) – оның көп қайтара оқитын кітаптарының бірі болған. «Інжіл» - оның дүние танымын, тарихи көзқарасы мен этикалық құндылықтарының қалыптасуына әсерін тигізіп қалмастан, оның ойлау жүйесі мен эстетикалық көзқарасын тереңдете түсті. «Інжілдің» діни архетиптік бейнесі де бейсаналы туындыларда қылаң беріп, шығармалардың бірегей символикасын қалыптастырды.

Эрнест Маршалл Хауз жазған «Шекспирдің рухани құндылығы» мен реформатор Джордж Моррисон жазған «Шекспирдің мәсіхі» атты жазбаларында көрсеткендей, Шекспир – өмірінің соңында өзінің христианға сенгендігін өсиеттеп: «Мен Құдайдың қолына өз рухымды тапсырамын, О, құтқарушым ием! Мен Иса Мәсіх арқылы ғана мәңгілік өмірді көруге болады деп үміттенемін және сенемін; мен топыраққа айналам, себебі топырақтан жаралдым», - дейді.

Сонымен қатар, батыс жазуларының ішінде Конрад, Достоевский, Толстой, Гьюго, Аллан По, Стейнбек, Марк Твен, сондай-ақ, Қытайдың Лао-Цзы және Таиланд ақыны Тагорлар да «Інжілдің» тұмасынан шөлін қандырғандар деп кесіп айтуға болады.