БІЛІМ

"Баланың дамуына көмектеседі": Еуропаның үздік баспасында аударылған ертегілер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Bugin.kz / Айгерім Әділханова

Бірнеше жылдан бері “Ordagen” компаниясы қазақ тілінде балаларға арналған ертегі кітаптарды жарықққа шығарып келеді. Соның ішіндегі ең ерекшесі - Францияда аударылған, арнайы еуропалық баспада әзірленген музыкалы аннимациялық кітаптар.

Кітаптың ерекшелігі туралы жоба директоры Парасат Тәненов Bugin.kz тілшісіне тарқатып айтып берді. 

"Әлемге әйгілі баспа  “Gallimard Jeunesse” - 110 жылдан аса тарихы бар, Францияда орналасқан, Еуропадағы ең үздік баспалардың бірі. Аты әлемге танылған, 150 тілге аударылған, 300 миллион тиражбен сатылған “Кішкентай ханзада” кітабын осы “Gallimard” баспасы дайындаған. Біз - Қазақстан бойынша “Gallimard” баспасымен жұмыс істеп жатқан алғашқы компаниямыз",-деді жоба жетекшісі Парасат Тәненов.

Францияның “Gallimard” баспасында дыбысты және интерактивті форматтағы әр түрлі кітаптар бар. Жоба жетекшісінің айтуынша, солардың ішіндегі дыбыстық эффектілері бар кітаптар ұнаған. Өйткені “Ordagen”-нің көптеген кітаптары аудио форматта болғандықтан музыкалық кітаптарды таңдаған. 

Парасат Тәненов: "Біз таңдаған “Алладдин” және “Жунгли кітабында" дыбыстық эффектілер мен музыка бар. Кітаптың әр бетіндегі кейіпкер мен маңызды элементтің тұсында арнайы батырмалар орналасқан. Бала батырманы басып, сол жерде болып жатқан оқиғаға байланысты эффект немесе музыканы тыңдай алады",-дейді.