Weekend
Ресейлік режиссер Андрей Звягинцевтің фильмдері хақында
"Елена", "Левиафан", "Возвращение", "Нелюбовь". Андрей Звягинцев бір сұхбатында адамдардың бұл фильмдерден "бақытты" шешім күтіп алданатынын, сосын ол көрермен айнаға қарап тұрып: "Жоқ! Бұл айнаны шағу керек! Ол мен туралы шындықты дұрыс айтып тұрған жоқ!" -деп ашуланатынын айтады. Және көрерменнің осындай күйін "діттегеніме дөп түстім" деп есептейді.
Онысы рас та шығар, режиссердан фильм аяқталар тұста кеудесін кере тыныс алатын стандартты финал, түсінікті шешім күткен көп көрерменнің бірі мен едім. Және сондай нұрлы үмітімнің ұрланғанына, ішке тартқан демімнің сыртқа шықпай тұншыққанына ашуланған адам да — өзім. Бірақ, иірімі терең фильмдер мені "Звягинцев айнасына" (бір сәт болса да) тура қарауға мәжбүрледі. Ол айнадан не көрдім?
Қоғам диагнозын тамыршыдай тап басу Звягинцевтің қолынан келді.
Біз көп жағдайда, әсіресе бүгін сана сілкінісін әдемі өмірді, жарқын болашақты, көңілді сәттерді айтып тамсандыратын мотиваторлардың кездесуінен іздейміз. Меніңше, Звягинцевтің мотивациясы (жасырын қайрауы) біреудің сені емес, өзіңді өзің қайрауыңнан тұрады, өзіңнің өмірлік мәселелердегі қабылдаған, қабылданатын шешімдеріңнен тұрады. "Еленасынан" бастайықшы. Мейірбике әйел баласының жақсы өмірі, немересінің алаңсыз болашағы үшін кейінгі науқас күйеуін тұншықтырып өлтіреді...
Режиссер кино түсіру барысында өзіне британдық продюсердің "күлкілі" идея айтқанын жазады. Онда продюсер режиссерға: "Еленаның бұл әрекетін бала кезінде алған бір жан жарақатымен (травма) байланыстырайық"-депті. "Мен үшін біреудің жасаған әрекетінің себебін түсіндіру - әділетсіздік! Оның сол сәттегі шешімі ғана әділетті! Мен соны ғана көрсетем"-дейді Звягинцев. Яғни, Еленаның таңдауы осы болды. Енді дүниеуи қажеті өтелген адамның жаны жай таба ма, қалай ойлайсыз? Жібі үзілген қоңыраудың тоқтаусыз бебеуін тыңдауға құлақ, қорытуға ми, көтеруге жүрек шыдай ма?
"Левиафан", "Возвращение", "Нелюбовь" фильмдері тіпті терең....