Саясат

Қазіргі діни ахуалға тарихи көзқарас

Тарихи циклизм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі таңда діни ахуал геосаясатпен ұштасып басты мәселердің бірі атанғаны толғандырарлық жайт. 

Адам баласының жер бетінде пайда болғанынан бері талай заман ауысса да, адамның табиғаты ауыса қоймады-ау. Діни мәселеге келгенде біздің қоғам әлі "терминологиялық"  теріс түсініктерден арыла алмай келе жатыр. Мысалы, "жаратушы", "дін",  "діни ұйым" деген терминдердің арасына "=" белгісін қою. Түсіндіре кетейін, өздерін атеист санайтын кейбір адамдар жаратушыны мойындамауды, жаратушының атрибуттарын теріске шығаруды басты мақсаттары тұтудың орнына олар антиклирикализмді қолдауға көшті. Яғни, ҚМДБ(Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы) немесе ОПШ(Орыс православие шіркеуі) және т.б. ұйымдар жіберген қателіктер жаратушы иенің немесе исламның, христиан дінінің қателіктері дегенге теңестірілуде. Тіпті кейбір атеисттер құдайсыз да дін бола беретінін ұмытқан сияқты. Буддизм, даосизм, конфуцианство, джайнизм сияқты ауқымы кең діндерде жаратушы құдай ұғымы жоқ. Соған қарамастан атеисттер өздерін  басты "дінмен күресшілер" санайды.

"Тарихи циклизм" деген теорияға сүйенсек әр заманның өз Орта ғасыры бар екен. Мен білетін әлемдік діндерде де тарихи циклизм заңы бар. Енді Орта ғасырдағы христиан дінінің тарихына қарасақ  денең түршігеді. Крест жорықтары, индульгенция сату,  инквизиция, ғалымдарды қудалау және т.б. қасірет пен қанға толы тарих беттері бар. Бұл  14-15 ғасырдағы христиан дінінің жайы. Енді иудаизмнің Орта ғасырында не болды? Біріншіден, мессианизмнің пайда болуы, екіншіден Иса пайғамбардың өлтірілуі. Иудаизм тарихшысы Иосиф Флавий өз деректерінде:" Иудейлерден күнде бір мессия шығатын, егер мессия екендігі жалған болса өлтірілетін",- деп айтады. Бұл да қанға толы тарих. Енді қазіргі исламофобия, ислами террор, ДАИШ сияқты түсініктер "исламның орта ғасырына" айналып отыр. "Орта ғасырдан"  соң "ислами ренессанс" келмейтініне кім кепіл?!