Bugin

Жәнібектің анасы болмай шыққан келіншек 20 жыл іздеген баласын тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Белгиялықтар асырап алған Жәнібектің анасы болуым мүмкін деп ДНК тест тапсырған әйел баласымен қауышты. Ол 20 жыл бойы баласын шарқ ұрып іздепті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Бармысың, бауырым?” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Баласын тауып жүрегі тыншыған ана “Бармысың, бауырым?” редакциясына қоңырау шалды. Ол өзінің баласынан қалай көз жазып қалғаны туралы осылайша айтып берді:

“Сіздерге барлық жақсылықты тілеймін. Бірінші Алла, екінші сіздер себепкерсіздер. Жәнібек баламыз анасын Бельгиядан іздеп келгенде қатты толқыдық. Папамыз да “менің балам” деп көзіне жас алған еді. Көп ұзамай сіздерге хабарластым. Редактор Әсел Асқарқызына хабарластым. ДНК тапсырған соң, Нұрланды таптым. Нұрланды 2001 жылы Арқалық перзентханасына өз аяғыммен барып, бір жұмадай су кетіп қиналып босанған едім. Бала 1 апта жанымда болған еді, емізіп қарадым. Отбасы құрмаған едім. Дәрігер баламды көтеріп алып кетті. Сіз жалғыз шығасыз деп. Выписка беретін кезде сіз ауыр босандығыз, бала осы жерде қалып емделеді деп түсіндірді. Мен емізгенде, бала жақсы болды. Сау болды. Еш жері ауырмады. Мен балалықпен түсінбеген шығармын. “Бала ауырады” деп менен алып қалды. Қиналып босанған соң үйде ұзақ уақыт жатып қалдым. Баламды іздеп перзентханаға барғанда, балалар үйіне өткізіп жібергенін білдім. Мен аң-таң болдым. Балалар үйіне бала беру, тастап кету менің ойымда болмаған. Мен баладан бас тартатын қағаз жазбадым. Мен құжатсыз барған едім. Құрбымның құжатымен перзентханадан шықтым”,-деді.

Ананың бір сәттік қателігі 20 жыл бойы опық жегізген. Ол өзін өкіндірген шешімі туралы:

“Балалар үйіне барғанда есім сәйкес келмей, баламды ала алмадым. Солай көп жүрдік. Жолынтауып, балаға барып тұрдым. “Мама, папа” деп алғаш айтқыздым. Соңғы рет 2003 жылдың мамыр айында соңғы рет көрдім. Астанаға кетіп бара жатқанымды айттым. Жуырда тұрмысқа шығып баламды алатынымды айттым. Мен 2003 жылдың қараша айынды тұрмыс құрдым. Ол кезде жүкті болып, ауруханада жатып уақыт өткізіп алдым. 2004 жылдың тамыз айында баламды нақты асырап алу үшін балалар үйіне бардым. Ол кезде баланың асырап алынғанын айтты. Күйеуім ашуын көрсетіп, жеке дерегін сұрадық. Оны бермей қойды. Қызымыз ауру болған соң, өзімізді сабырға шақырдық. Мүмкін осы балаға көп қарауымыз керек болған соң, бізге осылай бұйырған шығар ”,- деп жан сырын ақтарды әйел.

Жолдасы баланың әр туған күнін тойлап, келіншегін құттықтайтын болған. Олар Жәнібек келгенде, өз баламыз деп ойлап қатты қуанған. Олар қаңтар айында Жәнібекті көріп, өз баламыз деп ойлаған. Олар жылап, бала үшін ДНК тест тапсырған. Олар Жәнібектің арқасында балаларын тапқан.

Нұрланды Багусовтар отбасы өсірген. Ол қазір оқуын аяқтап, жұмысқа орналасқан. Багусовтар отбасы сәби үйінен бала асырап алмақ болып бекінеді. Олардың таңдауы Нұрланға түседі. Дегенмен Нұрланның жанынан бір елі ажырамай жүрген Роза есімді қызды да асырап алуға шешім қабылдайды. Балалар үйінің қызметкерлері қызды шетелдіктер асырап алатынын айтып, жалтарады. Бірақ Багусовтар берілмейді. Ұлды да, қызды да асырап алу үшін үлкен айқай-шу шығарып, дегеніне жетеді. Осылайша шетелге кетуі керек болған қыз Қазақстанда қалады.