Bugin

"Есірткі беріп зорлаған": мектеп оқушысын ауылдастары 2 жыл бойы зорлап келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Береке ауылында сұмдық жайт орын алды. "11–сынып оқушысын 2 жыл бойы ауылдасы қорлап келді",-деген дерек шыққан. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі оқиға орнына барған “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Анасының айтуынша, 17 жастағы қызын синтетикалық есірткіге еліткендер соңғы 3 күн қамауда ұстаған. Жәбірленушінің анасы Оралия Шукетаева:

“Шешесімін ғой, бала тіпті маған да айта алмады. Бәрін енді айтты. Бала қорқып, күйзелісте болған. “Егер айтсаң, бүкіл ауылға масқараңды шығарамыз” деп бопсалаған. Поляға апарып, пышақпен қорқытқан баламды. Поляда тепкілеп ұрған. Жалаңаяқ қарға тұрғызған. Әбден қорлаған ғой”,-деп күйінішін айтты.

Кәмелет жасқа толмаған қызды қорлауда айыппталған күдіктілердің бірі уақытша тергеуде. Ал екіншісі үйқамақта екен. Қылмыс бір ай бұрын орын алса да, істі тергеу енді басталған.

Қоғам белсендісі Ақмарал Басирова:

“Ата-ана құқығынан айырамыз”,-деп баса берген ғой бұл кісіні. Бұл кісі не істерін білмей шарқ ұрған. Қызын қайдан іздерін білмей, полицияға жүгінеді. Полиция тауып алып келеді. Бірақ қызды қайдан алып келгені, қайдан іздегені, қыздың қайда екенін кім айтқаны белгісіз”,-деп айтты.

Ақмарал Басирова студияға келіп оқиғаны нақтырақ баяндаған:

“Жетінші қаңтар күні түнгі бір жарымда біздің Елтай округында бір ауылда тұратын жігіт звондады. “Бір апаны алып кетіп бара жатырмын. Осындай жағдай болды. Қазір оңалтуға қызды жатқыздық, жағдайы мүшкіл. Қыз 16 жаста. Сіздердің орталықтарыңыз көмек бере ала ма” деп хабарласты. Содан кейін 15 күннен өткен соң қайта хабарласты. Полицияға арыз жазсақ та, қозғалмады деді. Ешкім қызға да бармаған. Зорлаған балалар тайраңдап жүр деп айтты”,-деді.

Ақмарал Басирова іске араласқан соң, қоғамдық резонанс туындаған. Оқиға қалай болғаны туралы белсенді:

“Қыз өте жақсы оқыған. Тек беске оқитын үздік оқушы болған. Қыз 2 жылдан бері өзгерген. 23 жастағы бір қызбен араласатын болған. Онымен түн ішінде кетіп 1-2 күн жоқ болып кететін болған. Полицияға хабарласса, олар қызды тауып әкепп береді. Бірақ қайдан алып кеп беретінін қыздың отбасы білмейді”,-деп айтты.

Ауылдастары қызды пышақпен қорқытып зорлап, оны видеоға түсірген. Істің барысы туралы Ақмарал Басирова:

“Қазір тергеу болып жатыр. Бір күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр. Қызбен көрші сыныпта оқитын бір жігіт күдікке ілініп отыр. Ол зорлықшы топпен қызды таныстырған. Изолятордағы жігіт  15 жастағы қызды пышақ тақап бірінші зорлаған. Одан бөлек оның бәрін көріп бақылаған мектепте завуч болып жұміс істейтін жжігіт бар. Ол қызға “мектепте бір-бірімізді көргенде танымайтын болыпп өтіп кетейік” деп айтқан. Аружанның айтуы бойынша 20 шақты адам фазендада болған. Олар машинамен үйіне алып келген. Әуелі оны бір үйге апарып жуындырып, үсті-басын реттеген. Қанша адамның зорлағаны туралы дерек тергеуден соң белгілі болады”,-деп айтты.

Қыздың анасының айтуынша, ол жуынатын бөлмені құлттап еңіреп жылайтын болған. Өзіне бірнеше рет қол жұмсаған.