Bugin

Тұрғын үйде өрт шығып, екі бала көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Pkzsk.info

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға Ильинка ауылында болған.

Төтенше жағдайлар қызметіне 1 сәуір күні таңертең өрт туралы қоңырау түскен.

Алайда өрт болған аумақтан жергілікті тұрғындар 2021 және 2015 жылы туған ұл балалардың денесін тапқан.

Қазір өрттің себебі мен шығыны анықталуда.