Bugin
Фото: видеодан скрин
Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Айыпталушы Бишімбаев оқиға туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Соттың кезекті отырысында күдікті Қуандық Бишімбаев Нүкенованың дәретхананың "унитазына" құлап, жарақат алғанын айтқан болатын.
Бишімбаев Салтанаттың ұялы телефоны мен көлігінің кілтін таппағанын айтты.
"Мен Салтанаттың телефоны мен көлігінің кілтін таппадым. Мен Бақытжанға көліктегі заттарды алып келші деп жібердім. Артынша камерадағы жазбаларды өшірткіздім. Кінәлі болғаннан соң емес, тек бұндай ақпараттың түрлі телеграм арналарға тарап кеткенін қаламадым. 1 қарашадан бастап Салтанат бір ресторанның жарнамасымен айналыса бастады. 7 қарашада сол жарнаманың жұмыстарымен белгілі блогермен кездеспек болды", дейді күдікті.
Бишімбаев ресторанға келген барлық қонақтарды қайтарып жіберуін сұраған.
"Мен Бақытжанға ресторанға келген барлық қонақтарды қайтарып жіберін сұрадым. Себебі Салтанатты ол жерден қалай алып шығарымды білмедім. Кабинкаға қайтадан кіргенімде ол әлі ұйықтап жатты. Біз оны қозғалттық, бірақ оянбады. Біраз уақыт өткен соң мен оның мұрнына спирт тостым. Ол ешқандай реакция білдірген жоқ. Шықтым да Бақытжанға айттым, ол мұрнымен емес, аузымен демалып жатыр дедім. Ол маған жедел жәрдем шақырайық деді. Мен жедел жәрдем шақырғым келген жоқ. Көп адамдардың сөзі болғанын қалмадым. Солай ол оянатын шығар деп күттім. Бірақ оянбады. Артынша жедел жәрдем келді. Сосын полиция келді", деді Бишімбаев.