Bugin

“Күйеубалам ұрып өлтірді”: қызынан айырылған ана жантүршігерлік жағдайды айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

"Көреміз" бағдарламасында Ділбар Байсейітова қызының балаларын өзіне алғысы келетінін айтты. Қызы екі ай бұрын көз жұмған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ділбар Байсейітова қызының өліміне күйеубаласын кінәлайды. Себебі күйеубаласы қызын жиі сабап, есінен тандыратын көрінеді. Әкесінің анасын ұратынын балалары да растады. "Анам жылап қалатын еді" дейді олар. Ал Ділбар Байсейітова 4 баланы өз қарамағына алғысы келеді. Күйеубаласы балаларын да сабайтындығын айтты.

"Ұл-қыздарды әкесімен қалдыруға қорқамын. 2017 жылы 3 балалы болып қалған. Қызым есін білмейді. Балаларын танымайды. Есіттім ол хабарды. Күйеубалама хабарлассам алмайды. Қызымды үйге алып келдім балаларымен. Танымайды бізді. Балаларын да танымайды",- дейді марқұмның анасы. 

Ділбар Байсейітова қызының ажырасып, балаларын ойлап қайта қосылғанын айтты. Қызынан айырылған ана 4 баланы өз қамқорлығына алуды қалайды. Күйеубаласы оларға да қол көтеріп, сабайтынына сенімді.