Bugin
Фото: Видео скрині
Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтті. Екі куәгерден: жедел жәрдем дәрігері мен патрульдік полиция қызметкерінен сұрақ-жауап алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы әлі жалғасады. Судья Айжан Құлбаева сот отырысының жалғасы ертең сағат 9:30-да басталатынын айтты.
Айта кетсек, бұған дейін марқұм Салтанат Нүкенованың құрбысы тың дерекпен бөліскенін хабарлаған едік.