Bugin

Әкім Солтүстік Қазақстанда жағдай күрделі екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: primeminister.kz

Cолтүстік Қазақстанда су тасқынынан төнер қауіп сейілмей тұр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде аймақтың жағдайын хабарлады.

Өңірде тасқын жағдай күрделі болып барады. Бүгін таңертең Сергеев су қоймасында асып төгілу 415 см құрады. 2017 жылғы тасқынның көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түсті. Сондықтан, елді-мекендер мен облыс орталығын судан қорғау үшін күні-түні іс-қимылдар жасалуда. Ең бастысы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру және мүлікті сақтауға, үлкен судың келе жатқаны туралы дер кезінде ақпарат беруге көп көңіл бөлу керек, – деп жазды СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.