Bugin
Фото: ашық дереккөз
Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде жалған ақпараттар тарап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады.
Желіде "Әйелдер мен балалар шұғыл 15-16 сәуірге дейін Атырау қаласын тастап шығуы керек. Сабақ онлайн форматқа ауысты. Тасқын су келген жағдайда жарық екі ай болмайды" деген ақпарат тарады.
"Атыраудағы коммуналдық қызметтер төтенше жағдай режимінде қалыпты жұмыс істеуде. Атырауда тасқынның алдын алуға қатысты қауіпсіздік шаралары тәулік бойы жалғасуда",- делінген хабарламада.
Төтенше жағдай режимі кезінде жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады.