Bugin

"Бишімбаев ісі": сот ресейлік эксперттердің сараптамасын қабылдамады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

16 сәуірде өткен Бишімбаевқа қатысты сот отырысында “Н.И. Пирогов атындағы Ресей ұлттық ғылыми-зерттеу медицина университетінің” мамандары жасаған сараптама қорытындысын ұсынды. Бүгін, 17 сәуірдегі сот отырысында сот бұл қорытындыны қабылдамады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Судья Айжан Құлбаева ресейлік сот сарапшыларының қорытындысы қабылданбайтынын хабарлады. Сондай-ақ сот Бишімбаевқа қатысты іс материалдарға мәскеулік сот сарапшыларының қорытындысын қосудан бас тартады. Судья ресейлік сарапшылар сараптама жасағанда ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі бұзылғанын түсіндірді.

"Жоғарыда аталғандардың негізінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 341, 344-баптарын басшылыққа ала отырып, сот Рамазанова қорғаушысының сараптама қорытындысын және оған қоса берілген құжаттарды қылмыстық іс материалдарына қосу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. 2024 жылғы 7 наурыздағы нөмірі жоқ сараптама қорытындысы дәлелдемелер тізімінен шығарылсын", - деп хабарлады судья Айжан Кулбаева.

Еске сала  кетейік, ресейлік сарапшылар қазақстандық мамандардың Салтанат Нүкенова бас миының ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды деген тұжырымданы теріс деп таныған. Олардың айтуынша, Салтанаттың өліміне 3-4 апта бұрын алған ескі гематомадан баста қан кетуі себеп болған.