Саясат
Орыстардың да үндістердің көзін құртқаны жайлы ақпараттарды естіп пе едіңіз?
Әйгілі Америка құрлығы ашылған сәтте орыс тарапы да экспедиция жорығынан бас тартпады. Оның негізін қалаған Григорий Шелихов еді. Ал оның ізін үндістердің қарғысына қалған Александр Баранов 1792 жылдан бастап жергілікті үндістердің мазасын алып, жалғастырды. Сол кезеңдегі заманауи қарумен қаруланған орыс экспедициясы үндістерді адам құрлы көрмей, көрген сәтте өлтіріп отырды. Алайда 1794 жылы кезекті экспедициясында олар тіпті жағаға бара алмай қалды. Өйткені үндістер де мұздай қаруланып, орыстарды жағаға жақындатпады. Бұл жайт орыстарды қатты таңғалдырды. Себебі, бұған дейін қару көрмеген үндістер кенеттен бұларды қарумен күтіп алған еді. Кейіннен анықталғандай үндістер өз азықтарымен испан, ағылшын адамдарымен сауда қатынасын орнатып, қару алғандығы белгілі болды. Артынша адам құрлы көрмеген орыстар кенеттен үндістерге жылулық танытып, келісім-шартқа отырды. Келісімге келудің басты сыры: біріншіден саны өздерінен әлденеше есе көп үндістермен соғысса, жағаға жете алмайтындығын білсе, екіншіден, еуропалықтарға тосқауыл қою еді. Келісімге келсе де, уақыт жылжыған сайын орыстар есерліктерін доғармады. Ұдайы жергілікті үндіс қыздарын зорлап, реті келгенде әділетсіздіктерін көрсетті. Бұл жанжалдың соңы 1802 жылы орыс-үндіс соғысына ұласып кетті.
Үндістердің тлинкит тайпасы 200-дей әскерімен Константин қамалын басып алуға аттанды. Алайда олардың ойлағаны іске аспады. Себебі, қамал басшысы Иван Репин үндіс қолбасшысы Тануханы жақсы сыйлап қарсы алды. Ежелден уәдеге берік үндістер бұл сыйластыққа сеніп, жауластығын ұмытып кетті. Ал кешке таман орыстармен бірге шарап ішіп, тойлады. Сойқанның соры түн ортасында болды. Үндістердің ұйықтап қалғанын байқаған орыс жауынгерлері оларды оңай бауыздады. Ал тірі қалғандары қайықтармен қашып шығуға әрекеттенгенімен, орыстар мылтықпен қарсыластарын жайпап салды.
Басты шайқастардың бірі 1804 жылы орын алды. Михаил қамалын уақытша тастап, аң аулауға кеткен орыстардың жағдайын дер кезінде үндістер пайдаланып, қиындықсыз бекіністі өз қолдарына алды. Мұздай қаруланған орыс әскері үндістер басып алған Михаил қамалына шабуыл жасап, небары 4 күн ішінде қайта қамалды қайтарды. Тіпті үндістер қолда бар орыстар мен әйелдерді жібергеніне қарамастан, орыстар үндістерге еш аяушылық танытпады. Ал мыңдаған үндістер қамалды тастап, тауда партизандық шайқастарды одан әрі жалғастырды.
1805 жылы орыс қолбасшысы Баранов Ши аралындағы көзге түскен барлық үндістердің көзін жоюға бұйрық берді. Шабуылдардың нәтижесінде аралда бірде-бір үндіс қалмады. Артынша бұл арал «Баранов аралы» атына ие болып қалды. Тек 2004 жылы ғана Аляскаға Барановтың тұқымдары шақырылып, орыстар мен үндістердің арасындағы соғыстың аяқталғандығы жөнінде келісімге келді.
Түрлі ақпараттарға сенсек, аталмыш шайқас салдарынан Аляскада 5000 мыңнан астам үндістер қаза тапқан. Алайда орыстар Аляска оқиғасымен ғана шектелмеген. Бұл оқиға дейін Оңтүстік Америкаға бағытталған ең алғашқы Григорий Шелихов 1784 жылы Кадьяк аралында 2500 мың эскимосты аяусыз қырса, кейіннен Иван Кусков экспедициясы 1808-1809 жылдары Калифорния штатында жергілікті үндістерге шабуылдап отырды. Артынша Ларион Беляев бастаған топ та Атту аралын үндістердлен толыққанды тазартты.