Bugin

"Наурыз" ипотекасына өтінім беру қашан басталатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "Отбасы банк"

Қазақстанда "Наурыз" жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Отбасы банк" парақшасына сілтеме жасап.

Бағдарламаға өтініш тапсыру 25.04.2024-те басталады. "Наурыз" ипотекасының іске қосылуын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде тапсырған болатын.

"Наурыз" бағдарламасының шарттары:

бастапқы жарна 20%;

тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме-7% (ЖЭС 7,3% дан 8,9%-ға дейін);

азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме-9% (ЖТПМ 9,3% дан 11,8% - ға дейін);

 несие мерзімі 19 жылға дейін.

"Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында тек бастапқы тұрғын үй сатып алуға болады. Моноқалалар мен ауылдарда жылына бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінің 30%-нан аспайтын қайталама тұрғын үй сатып алуға болады", делінген хабарламада.

Бағдарлама 8 жылға жоспарланған. Жыл сайын "Наурыз" бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінеді. Жалпы осы уақыт ішінде Қазақстанның 68 000 азаматын өз тұрғын үйімен қамтамасыз ету жоспарланған. Биылғы жылы қоныс тойын 12 мың қазақстандық тойлай алады.