Bugin

Қуандық Бишімбаевтың сотында көріпкелден жауап алынады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz 

Қуандық Бишімбаевтың сотында ол кеңес алу үшін жүгінген көріпкелден жауап алынады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Көріпкелден жауап алу туралы айыптаушы тараптың өтінішін судья қанағаттандырды.

Прокурор Бишімбаевтың пәтері қан болып жатқанын көрген үй қызметкері, Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаев кездескен блогер Гүлнар Насырбекованы, сондай-ақ көріпкел Гүлнар Ережепованы жауап алуға шақыруды сұрады. Прокурор үй қызметкері мен көріпкелден онлайн жауап алатынын атап өтті. Судья өтінішті қанағаттандырды.

Ал блогер Гүлнар Насырбековадан бүгінгі сотта жауап алынды.