Bugin
Фото: freepik.com
"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы мен облысында жауын-шашынға байланысты дауылдық ескерту жариялады. Соған байланысты таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін, – деп хабарлайды Bugin.kz қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.
"1-3 мамыр аралығында қатты жауын-шашынға байланысты таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін. Су қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін мамыр айының алғашқы күндеріне ауа райы болжамын ұсынған едік.