Bugin
Фото: Видео скрині
Қазақстандағы тасқын жаһандық жылыну әсерінен болды,– деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонда айтты.
"Қазір әлемде климаттық өзгерістер болып жатыр. Елімізде болған су тасқыны жаһандық жылынудың әсерінен болды. Қыс мезгілінің жылы болуы мұның бір көрсеткіші", - деді Нұрлан Абаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласы мен облыстарын да су басу қаупі барын хабарлаған едік.