Әр адамда айнаға қараған сайын көңіл күйін құбылтатын кемшіліктер болады. Егер сіз де сол адамдардың қатарында болсаңыз, өзіңізді төменсітуді доғарыңыз. Себебі сыртқы бейнедегі кешірімді кемшіліктер тарихтағы тұлғалардың бойынан көбірек табылған деседі.
Мысалы, "Жезді мұрт" Сталиннің бойының ұзындығы – 160 сантиметр болды. Сондықтан фотографтар оны көп жағдайда төменнен жоғары қарай түсірген. Сталиннің бір қолы екіншісінен сәл қысқалау болған. Осыған байланысты көп жағдайда ол бір қолын қалтасына салып немесе сигарет тартып тұратын болған. Сталин ғана емес, көптеген танымал тұлғалардың бойында осындай дене кемшіліктері болған. Мәселен, Бірінші Петрдің басының домалақ пішіні өте кішкентай болған. Ал Наполенның бойының ұзындығы – 150 сантиметр ғана. Қыз балалар назарына, Елизавета ханшайымның бет терісінің бөртпесі болғанынан хабардарсыздар ма? Ия, ханшайымның өзі бет кемістігін жасыру үшін косметика жасауды тапсырып, опа қолдануға мәжбүр болған.
Әйгілі неміс композиторы Людвиг ван Бетховен құлағының мүкісиігіне қарамастан музыка жазуға құлшына кіріскен. 1802 жылы оның құлағы мүлдем естімей қалады. Алайда, сазгердің ең ұлы симфониялары осы оқиғадан кейін жазылған.
Әлем балаларының сүйікті ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің бойы шектен тыс биік, тұлғасы тым арық болғаны былай тұрсын өмір бойы тіс ауруынан запдап шеккен. Оның қиялының шекарасыз болғаны сонша, үнемі уланып, отқа күйіп өлуден қорқып, тұзы таусылғанша сақтанумен, оқшауланумен өмір сүрген. Гай Юлий Цезарь, Александр Македонский, Жанна Д'Арк, Наполеон Бонапарт, Леонардо да Винчи, Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон бұлардың барлығын байланыстырып тұрған тарихта қалған есімдері ғана емес. Аталған тұлғалардың бәрі солақай болғаны үшін ұялған жандар қатарында.
Кемшіліксіз адам болмайды. Тек кемшілігіңізден ұяламын деп артықшылығыңыздан айрылып қалмасаңыз болғаны.