Bugin

Жетісу облысында оқушысын зорлады деп айыпталған мұғалімге қатысты сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz оқырманынан

Жетісу облысында математика пәнінің мұғалімі 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипаттағы зорлық көрсетті", - деп айыпталған 39 жастағы азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында прокурор ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Айыпталушы Ж.-ның әрекеті заң бойынша аса ауыр қылмыс санатына жатқызылады.  Ж.-ның кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен толық дәлелденді", - делінген сот хабарламасында.

Мұғалім Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге тыйым салды.  20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Кәмелетке толмаған жәбірленуші Г.-ның заңды өкілінің пайдасына бес миллион теңге моральдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Жетісу облысында оқушысын зорлаған мұғалім іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.