Bugin

"Отау" бағдарламасының нәтижесі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Бүгін “Отау” ипотекалық бағдарламасы арқылы баспаналы болатын қазақстандықтардың есімі жарияланды,- деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Отбасы банктің басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова айтты.

"Бүгін сіздерге жағымды жаңалықпен келдік. Дәл қазір 8 мың қазақстандық “Отау” бағдарламасы арқылы өткені жайлы SMS-хабарлама алады. Біз мұны алдын ала 5 күн бұрын әзірлеп отырмыз. Бастысы – ашықтық. Сайтта барлық 25 мың өтініш берушінің аты-жөні жарияланады. Барлығы өзінің ұпайларын көреді. 8 мың жеңімпаздың есімін де барлығы біле алады",- деп айтты банк басшысы брифингте.

Қатысушылардың барлығы өз ұпайларын біліп, кімнің өткенін, кім өтініш бергенін ашық көре алады. Ибрагимова “Наурыз” бағдарламасында да осындай тәсіл қолданылатынын айтты.