Weekend

Тәж Махал кесенесі қалай салынды?

Жол түссе, барар ма едіңіз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл мақала бұрынғыдан өзгерек. Сөз бөлек. Әлемнің 7 кереметінің бірі, Үндістандағы ең әйгілі ғимарат Тәж Махал кесенесі жайлы естуіңіз бар ма?

Аграның жанындағы Жанума өзенінің жағалауында орналасқан бұл кесененің салдырушысы Әмір Темірдің ұрпағы, Моғолстан шахы Жақан. Мұмтаз есімді сүйікті жары 13 құрсақ көтеріп, 14-ші баланы дүниеге әкелетін сәтте қаза болады. Қайғыдан қан жұтқан Жақан шах, бүгінде "Өлмес махаббат" нышанына айналған, Тәж Махал кесенесін салдыруға бұйрық береді. 1631 жылы басталған кесененің құрылысы 22 жылға созылған.  Төрт құбыласында төрт минареті, биіктігі 74 метр бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған мазардың құрылысына Орта Азия, Парсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мың зергер-ұсталар жұмылдырып, құрылысты 1653 жылы аяқтады.

Мазар тұтастай ақ мәрмәрдан тұрғызылған. Қабырғаларындағы мәрмәрлі ұсақ кесек, ортаазиялық ою-өрнектермен әсемделіп, асқан шеберлікпен кескінделді. Таң шапағымен қызғылт түске, күндіз ақ шаңқан, түнгі ай сәулесімен күміс түске боялатын мөлдір ақ мәрмәрді, Аградан 300 шақырым жерден алдыртқан екен. Ең кереметі кіре берістегі Құран сүрелері қара ақықтан, ал қабырғалардағы әшекейлер мен гүлдер қызғылт ақық, малахит, жақұт, нифриттен жасалып, мәрмәр тастың ішіне ойып салынған. Әлемдегі ең кесек алмас тас (бриллиант) «Кох-и-Нұр» осы мазарда тұрған, кейіннен ағылшындар елдеріне алып кеткен. Қазір ол Лондонда сақтаулы.

Тәж Махалдың іргесін жуып жатқан Жамуна өзенінің арғы бетінде қара мәрмәрдан жасалған іргетас жатыр. Жақан шахтың жоспары бойынша оның өзі сол жерден қара мәрмәрдан салынатын тұп-тура Тәж Махалдың көшірмесіне жерленуі тиіс болатын. Жамуна өзенінің екі жағасында жатқан қос мазарды жалғастыратын көпір салынуы керек еді. Алайда сырттан келетін шапқыншылықтан қажыған мемлекеттің қазынасы тағы бір қымбат ғимараттың құрылысын көтере алмайтын болды. 1658 жылы Жақан шахты ұлы Аурангзеб орнынан алып, Қызыл бекініске қамап қойды. Тоғыз жыл қамауда отырған Жақан шахты қайтыс болғаннан кейін тоқалының жанына апарып жерледі.

2004 жылдың 28 қарашасынан бастап Тәж Махал кесенесінің есігі, туристер үшін айына 5 түн ашық. Кіру ақылы. Жергілікті үндістер үшін арзанырақ түседі. Туристерге арналған баға сәл көтеріңкі. Кесенеге кіру үшін аяқ киімді шешу міндеттеледі. Аңыз бойынша Жақан шах кесененің сәулетшісі құрылысты аяқтаған сәтте-ақ 2 қолын шауып тастаған. Себебі жауhар туындыәлемде жалғыз болуы қажет екендігін ертеден ұғынды. 300 жылдан астам уақыт өтсе де бірде-бір жер сілкінісі ғимаратқа залал келтірмеген. Бүгінде Тәж Махалдың төбесін айналып бірде-бір тікұшақ ұша алмайды. Қатаң тиым салынатыны хақ. Әлемді нұрға бөлеген кереметті көру сізге де бұйырып қалар. Жол түссе, барар ма едіңіз?