Bugin

Жамбыл облысындағы ауылда жасөспірімнің денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Жамбыл облысы Сыпатай батыр ауылында кәмелетке толмаған бала қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

2024 жылы 13 мамырда Меркі аудандық орталық ауруханасына мектеп оқушысының денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірімнің өлімі дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

"Полиция қызметкерлерімен ізін суытпай кәмелетке толмаған ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар, оған қатысты суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәлімет жариялануға жатпайды",- делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қостанайда ер адам ауласынан өлі табылғанын хабарлаған едік.