Bugin

Алматы облысындағы елдімекендерді су басуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР ТЖМ

"Қазгидромет" РМК 2024 жылдың 16-18 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы аймақтары мен тау етегінде жән Алматы қаласы маңындағы таулы аймақтарда су басу қаупі барын ескертеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Синоптиктер жылдам ағынның болатынын және өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін екенін айтты.

"Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін демалыс күндері ауа райы қандай болатынын хабарлаған едік.