Bugin

Қазақстанның 14 облысында ҰБТ басталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Envato

Қазақстанның 14 облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Әбдірәсілов төтенше жағдай жарияланған жерлердегі мектеп оқушылары ҰБТ-ны 25 мамырда тапсыратынын айтты. 

Бүгін, 16 мамырда елдің 14 облысында 2024 жылғы негізгі ҰБТ басталды, ол 5 шілдеге дейін жалғасады. Төтенше жағдай жарияланған қалған алты облыста (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) тіркеу 20 мамырды қоса алғанда ұзартылды. Олар 25 мамыр мен 12 шілде аралығында ҰБТ өткізеді.

Болатбек Әбдірәсілов биыл талапкерлер екі рет тест тапсырып, одан кейін үздік нәтижемен гранттық байқауға қатыса алатынын айтты.

«Екі талпынысты есепке алғанда 181 мың үміткер тестілеуге қатысуға ниет білдірді, қазірге дейін 330 мыңға жуық өтініш қабылданды; Қазір ҰБТ жылына бес рет өткізіледі. Үш рет ақылы. Қаңтар, наурыз айларында ҰБТ өткізіп үлгердік. Тестілеуге өткен жылдардағы мектеп түлектерімен қатар колледж түлектері де белсене қатысты» деді Болатбек Әбдірәсілов.

Айта кетерлігі, өткен жылмен салыстырғанда елімізде демографиялық көрсеткіштердің өсуіне байланысты тестілеуден өткендер саны 20 мыңға артқан.