Bugin

Балаларды тұншықтарған: балабақшаға қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Жетісу облысы, Жаркент қаласында балабақшалардың бірінде тәрбиешілер бүлдіршіндерді ұрып соққанын жазған едік. Сол тәрбие беру ұйымының жабылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ал бүлдіршіндерге қол жұмсаған қызмкеткерлер жұмыстан қуылған. 

Жергілікті әкімдік мекеменің он күнге жабылғанын хабарлады. Сондай-ақ тәрбиешілер мен балабақша меңгерушісінің жұмыстан босатылғанын айтты. 

“15 мамыр күні білім және полиция бөлімінің қызметкерлері балабақшадағы бейнебақылау камераларын қарап,тексеру жұмыстарын жалғастыруда. Балабақша меңгерушісі мен тәрбиешінің көмекшісі және негізгі тәрбиеші, үшеуі 15 мамыр күні жұмыстан босатылды. ҚР ҚК 140-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,”- деп жауап берді Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағат.  

Еске салайық, бұған дейін балаларды аяусыз ұрған тәрбиешілер туралы хабарлаған едік.