Bugin
Фото :gov.kz, instagram.com/umbetkaliyeva_notarius
Осыған дейін әлеуметтік желіде әйелі бұрынғы күйеуінен тұрмыстық зорлық-зомбылық көргені туралы ақпарат тараған еді. Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов экс-әйелінің айыптауларына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Шенеунік өзіне жала жабылды деп санап, бұл пікірлердің орынсыз екенін алға тартты.
"Бұрынғы әйелімнің тарапынан маған тағылған айып БАҚ-та тарап кетті. Жеке өміріме қатысты пікір білдіру орынсыз деп санаймын. Ал бұрынғы әйеіме сана берсін деймін. Ол соңғы жайттарға байланысты түрлі видеоны қарап алып, менің жұрт алдында жүргенімді біліп, осындай мәлімдеме жасаған болуы керек", - дейді әкім.
Ол балаларының өзімен бірге тұратынын айтқан.
"Ортақ балаларымыз - екі қызымыз менімен тұрады. Бұл қыздарымның және соттың шешімі. Ұрып-соғуға қатысты - қазір сот процесі жүріп жатыр, БАҚ өкілдерінен асығыс шешім қабылдамауды сұраймын", - дейді аудан әкімі.
Еске салайық, Атырау тұрғыны Ақмарал Үмбетқалиева бұрынғы күйеуі, оған қоса қазір Атырау облысы Мақат ауданының әкімі қызметін атқарып жүрген Ринат Ибрагимовқа туралы мәлімдеме жасағанын жазған болатынбыз. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі 11 жыл бойы ұрып-соққан және балаларын тартып алған.
Атырау облысының әкімдігі мәліметінше, аудан әкіміне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі.